2023 жылғы 1 тамызда жыл сайынғы "Мектепке жол" республикалық акциясы басталады.
Акцияның мақсаты-аз қамтылған, көп балалы, тұрмысы төмен отбасылардағы балаларға, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсету, әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.
Биылғы жылы қайырымдылық акциясына ерекше назар аударылып, биылғы жылы акция "Жақсылық жаса" ұранымен өткізілуде.
Қайырымдылық көмек көрсетуге демеушілерді, әлеуметтік әріптестерді, мемлекеттік құрылымдарды тарту бойынша жұмыс жүргізілуде. Айта кетейік, республикалық акция күнтізбелік жыл бойы жалғасатын болады.
Балаларға мектепке дайындалуға көмек көрсеткісі келетіндер тұрғылықты жері бойынша білім бөліміне немесе тікелей білім беру ұйымына 87153853581 телефоны бойынша жүгіне алады.